Қазақстан Human Progress Index (HPI) жыл сайынғы өмір сүру сапасы рейтингінде 196 елдің ішінде 70-орынға ие болды, деп хабарлайды KazInform агенттігінің тілшісі CEOWORLD журналына сілтеме жасап.
2025 жылғы Адам даму индексі (HPI) рейтингіне өмір сүру сапасы, күтілетін өмір сүру ұзақтығы, білім деңгейі, жан басына шаққандағы табыс, саяси тұрақтылық, даму мүмкіндіктері сияқты бірқатар маңызды көрсеткіштер енгізілген.
Зерттеу үш негізгі санат бойынша жүргізілді: тұрақтылық, қанағаттану деңгейі және теңгерімділік. Әрбір категория 100 балдық шкала бойынша бағаланған.
Жаһандық рейтингтің көшбасшысы ретінде Швейцария танылды. Одан кейін Норвегия мен Исландия орналасқан. Алдыңғы ондыққа сондай-ақ Гонконг, Швеция, Дания, Германия, Ирландия, Сингапур және Аустралия кірді.
Қазақстан 79,32 балл жинап, «өте жоғары өмір сүру сапасы» санатына енді. Сонымен қатар, еліміз Орталық Азия аймағындағы көшбасшы ретінде танылды.
Бұған дейін Қазақстанда өмір сүру сапасы ең жоғары қалалар да анықталған болатын.