Музейге келушілер саны ұлғайды. Былтыр мұражайларды аралауға 6 миллион адам келген. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова айтты.
«Елімізде 270-тен астам мемлекеттік музей бар. Олар Мемлекет басшысының тапсырмасын лайықты іске асыруға өз үлесін қосып келеді... Былтыр еліміз бойынша музейге келушілер саны 6 миллионға жуықтады. Бұл еліміздің мәдени құндылықтарына деген қызығушылықтың жылдан-жылға артып келе жатқанының нышаны деп білеміз», - деді ол елордада өтіп жатқан музей қызметкерлерінің І конгресінде.