«Қазақфильм» киностудиясы қытай компаниясымен бірігіп анимациялық фильм жасап шығарады. Бұл туралы Kazinform хабарлады.
XI’AN WUYI TIMES CULTURE MEDIA CO.LTD. президенті Ню Сыюаннің айтуынша Ню Сыюань бірлескен мультфильмді Қазақстан мен Қытай мәдениетінің ерекшеліктерін тамаша үйлестіретін халықаралық жобаға айналдыра алатынымыз.
- Бұл Ұлы Жібек жолы бойын қамтыған тарихи оқиға болмақ. Жыл соңына дейін біз сценарийді мақұлдауымыз керек, содан кейін жұмысқа кірісеміз. Мультфильмнің өндірісі Қытайда іске асады, бірақ біз сұхбат алуға, материал жинауға тағы басқа да жұмыстарды жүргізу үшін Қазақстанға барамыз. Еліңіздің мәдени ерекшеліктерін көріп, оларды бірлескен жобамызға қосамыз, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Бейжіңде қазақстандық кино апталығы өтіп жатыр.
Фильмдер көрсетілімі 2-5 қараша аралығында өтеді. Қытай кино мұрағаты жанындағы кинотеатрда алты картина көрсетіледі: «Томирис», « Біржан Сал», «Шал», «Оқу іздеген Адемока», «Композитор», «Отансүйгіштер уақыты» және «Музбалақ» мультфильмі.