Шетелдіктер бұдан былай Қазақстанның бүкіл аумағында туристік жарнаны төлемейді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөзі хабарлады.
ҚР Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 347 бұйрығымен шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес Қазақстанның бүкіл аумағында нөлдік мөлшерлеме қолданылатын болады.
Өзгерістер осы жылдың 9 қаңтарында қолданысқа енгізіледі.