Шетелдіктер бұдан былай туристік жарнаны төлемейді

04 January, 2024

Шетелдіктер бұдан былай  Қазақстанның бүкіл аумағында туристік жарнаны төлемейді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөзі хабарлады.

ҚР Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 347 бұйрығымен шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес Қазақстанның бүкіл аумағында нөлдік мөлшерлеме қолданылатын болады.

Өзгерістер осы жылдың 9 қаңтарында қолданысқа енгізіледі.

Шетелдіктер бұдан былай туристік жарнаны төлемейді