Қазақстан инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр

02 Ақпан, 2024

Қазақстан 61% үлеспен посткеңестік кеңістіктегі және Орталық Азияның 15 елі арасында тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша жетекші орынға шықты.

Қазақстанға инвестиция тарту стратегиялық маңызы зор. Республиканың инвестициялық тартымдылығын қолдау бойынша көптеген шаралар жүзеге асырылуда.

Мәселен, 2023 жылғы 5 желтоқсанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ел экономикасына инвестиция тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру шаралары туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл жарлықта Президент Инвестициялар тарту жөніндегі кеңеске белгілі бір өкілеттіктерді берді.

Сондай-ақ Премьер-Министр Әлихан Смайылов шетелдік компанияларды республика экономикасына белсенді инвестициялауға шақырды. Премьер-Министр қазіргі жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан экономикасы тұрақты түрде өсіп келе жатқанын атап өтті.

FINANCEkaz

Қазақстан инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр