TVI университетінің (ҚХР) президенті ШҚТУ студенттеріне дәріс оқыды

01 Наурыз, 2024

President of Tianjin Vocational Institute, профессор, PhD Чжэн Циньчун «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» және «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» білім беру бағдарламаларының студенттеріне, сондай-ақ Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ профессорлық-оқытушылық құрамына «Лу Бань шеберханасында» дәріс оқыды.

Чжэн Циньчун мырза өз сөзінде машина жасаудың инновациялық технологиялары тақырыбына тоқталып, өзінің ғылыми және әкімшілік-ұйымдастырушылық тәжірибесімен бөлісті.

ШҚТУ базасында жұмыс істейтін «Лу Бань шеберханасында» студенттер озық Қытай жабдықтарын пайдалана отырып, заманауи автомобиль және электромобиль технологияларын, Engineering Practice Innovation Project (EPIP) инженерлік практиканың инновациялық жобасын оқыту әдісін қолдана отырып білім алады.

TVI университетінің президенті Чжэн Циньчун ШҚТУ-мен ынтымақтастық пен шеберхананың жұмыс істеуінің арқасында халықаралық дәрежедегі жоғары білікті мамандар, инженерлердің жаңа буыны дайындалатынын атап өтті.

Жобаны іске асыру үшін ШҚТУ-дың 15 оқытушысы Тяньцзинь қаласындағы (ҚХР) Тяньцзинь кәсіптік институтының базасында оқудан өтті. Бұл оқу процесін бейімдеуге және студенттердің бағдарламаны жақсы меңгеруін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ, «Лу Бань шеберханасының» ашылуының арқасында ШҚТУ-да «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мен «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» білім беру бағдарламаларының гибридті автомобильдер мен электромобильдерді зерделеу және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жасанды интеллект технологияларын қолдану бөлігі жаңартылды.

«Бұл «Бір белдеу - бір жол» бастамасының бір бөлігі болып табылатын, екі жаққа да пайда әкелетін маңызды жоба. Ол арқылы студенттер қазіргі қоғамға өте қажет техникалық дағдыларды дамытады. Сондай-ақ, болашақта білім беру бағдарламаларының студенттері Қытайдың озық компанияларында тәжірибеден өтіп, жұмыс бойынша ұсыныстар ала алады», - деп атап өтті TVI университетінің президенті Чжэн Циньчун.

Автомобиль өнеркәсібінде интеллектуалды жүйелерді қолдану - технологияның жаңа буыны мен өнеркәсіптік революцияға байланысты.

Дәрісте Чжэн Циньчун әртүрлі елдердегі автомобиль өнеркәсібін дамыту стратегияларын, SMART-автомобильдерді пайдалану және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті инфрақұрылым туралы егжей-тегжейлі талдауға ерекше назар аударды.

Студенттер жанармай, электр, гибридті және өзін-өзі басқаратын автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және диагностика, сондай-ақ ADAS интеллектуалды жүйесі сынды автомобиль интеллектуалды жүйелері бойынша практикалық дағдыларды алу үшін бірнеше оқу платформаларында оқиды.

Айта кету керек, жақында «Лу Бань шеберханасына» ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келіп, оқу орталығының қызметімен танысты. Мемлекет басшысы экономиканы дамыту үшін елімізде осындай орталықтардың санын көбейту маңызды екенін атап өтті.

 

TVI университетінің (ҚХР) президенті ШҚТУ студенттеріне дәріс оқыды