Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді

09 Сәуір, 2024

Бүгін су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша ҚХА республикалық және өңірлік штабтарының онлайн-отырысы өтті. ҚХА өңірлік штабтарының жұмысын үйлестіру мәселелері және «Жүректен жүрекке» арнайы жобасының жүзеге асу барысы қаралды. Оның шеңберінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері зардап шеккендерді азық-түлікпен, ыстық тамақпен, киіммен, ең қажет тауарлармен, техникамен қамтамасыз етуге көмектесті.

Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге ҚХА-нан 9,8 мыңнан астам волонтер жұмылдырылды. Ассамблея жанындағы этномәдени бірлестік өкілдері зардап шеккен өңірлерге 212,3 тонна азық-түлік пен ең қажет тауарларды, сондай-ақ 253 млн теңгеден астам сомада қаржылық көмек жіберді.

Әр аймақтағы Достық үйлерінде волонтерлық орталықтар мен гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ұйымдастырылды.

 

gov.kz

 

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді