Монғолиялық қандас ақын Сұраған Рахметұлы – Әдебиетті насихаттаудағы еңбегі үшін халықаралық "Алаш" сыйлығымен марапатталды.
Қазақстан жазушыларының халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы биыл 20 дан астам жазушы, ақын, әдебиеттанушыға берілді. Сыйлық еліміздің әр өңірінен қаламгерлер, ақын-жазушылар, әдебиеттанушы ғалымдар, журналистер қатысқан жазушылар одағының «Көркем әдебиет: талант пен талғам» деп аталатын жыл қорытындысына арналған жиынында табыс етілді.
Бұл сыйлық Қазақстан жазушылары арасында берілетін ең беделді марапаттардың бірі болып саналады.
Сұраған Рахметұлының шығармашылығы мен әдебиетке қосқан үлесі әсіресе Монғолиядағы қазақ диаспорасы арасында ерекше бағаланады. Ақынның марапатталуы қазақ әдебиетінің шекаралас мемлекеттерде де танылуына ықпал ететіні сөзсіз.