Қазақстанда шетелдіктерді депортациялау ережесі өзгеруі мүмкін

20 Қыркүйек, 2024

KAZINFORM – Қазір көші-қон бақылауын күшейтуге бағытталған түзетулердің жаңа пакетін әзірлеу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов айтты.

«Ел заңнамасын бұзған шетелдіктерді мемлекет аумағынан шығару тәртібі қайта қаралып жатыр. Қазір бұл тәртіп өте күрделі. Шетелдіктерді шығарудың процесі тым ұзақ», - деді А. Аталықов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол шетелдіктерді тіркеу институтын қайтару мәселесі пысықталып жатқанын айтты. Бұл өз кезегінде туристерге емес, Қазақстанда 30 күннен артық болғысы келетіндерге қатысты болады.

«Жаңа депортация институтын енгізу жоспарланған. Бұл тұрғыда заң талаптарын өрескел түрде бұзатындарды Қазақстан аумағынан жедел шығару қадамдары ескерілген», - деді комитет басшысы.

 

Автор

Руслан Ғаббасов

Қазақстанда шетелдіктерді депортациялау ережесі өзгеруі мүмкін