Қазақстанда инклюзивті креативті индустрияны дамыту

07 Қараша, 2024

Солтүстік Қазақстан облысында инклюзивті креативті индустрияны дамыту туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастыққа Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, Sensitive есту қабілеті төмен бишілер театры және Ресейдің Inclusive Dance қайырымдылық қоры қатысты.

Серіктестер мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында креативті индустрияны дамыту әдістемесін жетілдіруге ниетті. Қазақстанда бұл инклюзивті креативті индустрия саласындағы алғашқы келісім.

Qyzyljar creative Center хабының базасында халықаралық деңгейдегі фестиваль, семинарлар, шеберлік сыныптары мен конкурстар өткізу жоспарда бар.

 

gov.kz

Қазақстанда инклюзивті креативті индустрияны дамыту