Заңғар Нұрланұлы US Junior Open турнирінде сенсация жасады

Кеше

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді. 

ITF Juniors рейтингісінде 54-орында тұрған Заңғар екінші айналымда әлемнің жасөспірімдер арасында 13-ракеткасы, Польша өкілі, 18 жастағы Алан Важнымен кездесті.Алан Важны сонымен қатар ересектер арасында ATP рейтингісінде 1750-сатыда тұр. Соған қарамастан, Заңғар қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. 

Тартысты бәсеке бір жарым сағаттан астам уақытқа созылды. Заңғар Нұрланұлы ширек финалға шығу үшін ITF Juniors рейтингісінде 8-орында тұрған финляндиялық Оскари Полданиуспен ойнайды.

Заңғар Нұрланұлы US Junior Open турнирінде сенсация жасады