Қазақстанда төлқұжат алу ережелері өзгерді

Кеше

Қазақстанда азаматтық алу немесе қалпына келтіру үшін емтихан тапсыруға қойылатын талаптар қайта қаралды. Ғылым және жоғары білім министрі білімді бағалау жүйесін өзгертетін жаңа бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Енді тесттен сәтті өту үшін жинау қажет ұпай саны:

  • мемлекеттік тіл бойынша – 15 балл (бұрын 36 болатын);
  • Конституция бойынша – 20 балл (бұрын – 9);
  • Қазақстан тарихы бойынша – 15 балл (өзгеріссіз).

Бұйрық 2025 жылғы 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Осылайша, басымдық тілден Конституция бойынша білімін тексеруге ауысты. Емтихан міндетті күйінде қалады, бірақ талаптар анағұрлым теңгерімді болды: қазақ тілінен жинайтын ұпай азайды, ал азаматтардың құқықтары мен міндеттерін білуге көбірек мән берілді.

Қазақстанда төлқұжат алу ережелері өзгерді