АҚШ баж салығының өсуі

07 Тамыз 2025

2025 жылғы 7 тамызда АҚШ-тың көптеген елдерге қатысты жаңа сауда баждары күшіне енді. Қазақстан экспорты үшін – жеткізілімдердің бүкіл көлеміне 25% мөлшерінде тариф белгіленді. Бұл шара ел экономикасына қалай әсер етеді – Kazinform сараптамалық шолу материалында.

АҚШ-тың жаңа импорттық баждары жөніндегі құжатқа Дональд Трамп 1 тамызда қол қойды. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, енгізілген тарифтік шаралар Қазақстанның АҚШ-қа жалпы экспорт көлемінің небәрі 4,8%-на ғана қатысты. Ал қалған 95,2% қазақстандық жеткізілімдер жаңа баждардың қолданылу аясынан тыс қалады.

АҚШ баж салығының өсуі