Астана мен Бурабай арасында электр пойызы қатынай бастады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Компанияның мәліметінше, «Бурабай экспресс» электр пойызы Петропавлдағы отандық зауытта дайындалған. Пойыз жылдам қозғалады және халықаралық стандарттарға сай әзірленген.
«Бурабай экспрессінде» жолаушылар көп ұзамай жоғары жылдамдықты интернет пен борттағы тамақпен қамтамасыз етіледі. Жаңа кешенді қызмет бүкіл саяхат кезінде жол жүру және тамақтану үшін онлайн немесе карта арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасауға мүмкіндік береді. Бұл жолаушыларға жол бойы байланыста болуға, фильмдер көруге, жұмыс істеуге, отбасымен және достарымен сөйлесуге жағдай жасайды», – делінген баспасөз хабарламасында.
Астанадан шыққан пойыз курорттық аймаққа небәрі 2,5 сағат жүреді. Бұл пойыз қаланың екі вокзалынан бес рет қатынайды. Ал билеттерді жолаушылар 1,5 ай бұрын сатып алып қоя алады.
Жол ақысы үш санатқа бөлінген. Бірінші санат билеттері – 5805 теңге, екінші санат билеттері – 3586 теңге, үшінші санат билеттері – 2962 теңге тұрады.
Пойыз мына тәртіппен жүреді:
Бірінші кластың билеттерінің креслосын жолаушылар өз ыңғайына қарай жатқыза алады. Сонымен бірге әр жолаушының жеке үстелі мен жүкке арналған сөресі бар. Сондай-ақ мониторлар, мультимедиялық Wi-Fi жабдығы орнатылған.
«Әрбір орындық гаджеттер мен мобильді құрылғыларға арналған USB порттарымен жабдықталған. Жол жүру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін вагон бейнебақылау жүйесімен жабдықталған», – делінген баспасөз хабарламасында.
Екінші класс билеттерін алған жолаушылар үшін – Wi-Fi мультимедиялық жабдықтары, бейнебақылау, ұялы телефондарды зарядтау нүктелері, түрлі сусындар мен түрлі ас мәзірін сататын купе-швед үстелі қарастырылған.
Үшінші класс вагоны жылдам зарядтау функциясы бар кірістірілген USB / Type-C розеткаларымен жабдықталған. Сонымен бірге ыңғайлы орындықтар орнатылған. Сондай-ақ пойыздың вестибюль аймағында велосипед қоюға болады.