Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасы бекітілді

10 Қаңтар 2024
  • ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасы 9 483 адам деп белгіленді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 554 адамға артық.
  •  
  • Бұйрықтың мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын өңірлерде қандастар мен қоныс аударушыларды оңтайлы қоныстандыру. 2024 жылы өңірлік квота облыстар бойынша төмендегідей бөлінді:
  • қандастар үшін: Павлодар облысы – 902, Қостанай облысы – 550, Ақмола облысы – 285, Шығыс Қазақстан облысы – 269, Солтүстік Қазақстан облысы – 207 адам, Абай облысы – 220 адам;
  • қоныс аударушылар үшін: Солтүстік Қазақстан облысы – 2 702, Павлодар облысы – 2 603, Қостанай облысы – 950, Шығыс Қазақстан облысы – 372, Абай облысы – 255, Ұлытау облысы – 132, Қарағанды облысы – 36 адам.
  •  
  • Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдарға мемлекеттік қолдау шарасы көрсетілетін болады, атап айтқанда:
  • – көшуге субсидиялар – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК бойынша біржолғы төлем;
  • – 12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін субсидиялар;
  • – 400 АЕК мөлшерінде қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілер үшін субсидиялар;
  • – қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;
  • – жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
  • – тұрғын үй сатып алуға экономикалық мобильділік сертификаттарын беру.
  •  
  • Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылдан бастап 2024 жылғы 1 қаңтар аралығында 1 млн 128,37 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралды.2023 жылы 21,3 мың этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасы бекітілді