«Отандастар Қоры» КЕАҚ делегациясы Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

22 Қараша, 2023

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар Қоры» КеАҚ шетелдегі қазақтармен мәдени-іскерлік байланыстарды дамыту сондай-ақ, тарихи отанына қоныс аударған қандастарға ақпараттық және консультациялық көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді.

Осы ретте, Қостанай облысындағы этникалық көші-қон саясатының жүргізілу барысымен танысу және қандастармен кездесулер өткізу мақсатында 2023 жылғы 22-23 қарашада «Отандастар Қоры» КЕАҚ Қандастарды қолдау департаменті директорының орынбасары Еркебұлан Меңлібаев және Баспасөз хатшысы Нұрымжан Жұмағазиев жұмыс сапарымен барды.

Іс-сапар аясында Қоғам делегациясы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Закиұлымен кездесіп, көшіп келіп жатқан қандастарды өңірге бейімдеу мәселелері талқылады. Сонымен қатар, алдағы жылы әкімдікпен бірлесіп қандастардың көші-қон кезіндегі ақпараттық қолдау жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.
 

Қостанай облысы әкімдігінің мәліметіне сәйкес:

2023 жылы Қостанай облысына Өзбекстан, Ресей, Түркменстан,  Ауғанстан және Монғолия елдерінен 966 қандас көшіп келді. Олар  Жалпы Қостанай өңіріне 1991 жылдан бастап 35 843 қандас (оның ішінде Рудный қаласына 16 778 адам) қоныс аударған. 


Қосымша сұрақтар бойынша Отандастар қорының Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының байланыс нөмірлеріне тегін хабарласыңыз!
• 1404 барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін;
• 8 701 000 1404 Telegram, WhatsApp мессенджерлері арқылы онлайн;
• +7(7172) 98 1404 Халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгіленген ақылы тарифпен.

«Отандастар Қоры» КЕАҚ делегациясы Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды