Кездесу барысында қос тарап Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы достық һәм серіктестік қарым - қатынас туралы өзара пікір алмасты. Екі ел арасындағы сенімді көпірді және халық достастығын одан әрі нығайту мақсатында биыл көктемде қол қойылған “Отaндaстaр қоры" КеАҚ мен Әзербайжан Республикасы Диаспора істері жөніндегі мемлекеттік комитет арасындағы меморандумның маңызы талқыланды.
Кездесуді қорыта келе, тараптар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық және диаспоралық байланыстарды алдағы уақыта дамытып, тығыз байланыс орнатуға уағдаласты