Меморандумның басты мақсаты - қоғам мен мекеме арасында тұрақты байланыс орнатып, ғылыми-практикалық ынтымақтастық орнату және оны дамыту.
Ғылыми - практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және дамытуға ұмтыла отырып, ортақ түрде «Тараптар» деп аталатын келісімде келесі бағыттар қарастырылды:
- Өзара өзекті әрі маңызды ақпараттар алмасу;
-Республикалық және Халықаралық сипаттағы кездесулерге бірігіп қатысу мүмкіндігі;
- Ғылыми конференция, дөңгелек үстел, семинарларды бірлесіп өткізу;
- Бірлескен басылымдар дайындау және ғылыми әдебиеттер мен қызығушылық тудыратын материалдармен алмасу;
- Мамандар мен менеджерлердің алдын-ала келісілген тақырып бойынша өзара және бірлескен консультация көрсету;
- Ғылыми - тәжірбиелік және ғылыми - сараптамалық зерттеулер жүргізуге қолдау көрсету;
Сонымен қатар, кездесу барысында екі тарап барлық жобаларын таныстырып, өзара пікір алмасты.