Кездесуге қатысқан Отaндaстaр қорының Кандастарды ақпараттық қолдау департаментінің басқарушы директоры Г. Нұрбаева және Шетелдегі отaндaстaрды қолдау департаментінің басқарушы директорының м.а. Л. Болат «Ата жолы» картасын ұсыну тәртібін, қажетті құжаттарды рәсімдеу барысын және бұл картаның этникалық қазақтарға беретін құқықтары мен ерекшеліктері жайлы түсіндірді.
Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасы тарихи және этникалық отанымен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыруға бірден бір септігін тигізетін құжат. Карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға азаматтығын сақтай отырып, 10 жылға дейінгі мерзімге тұруға рұқсат береді.
«Ата жолы» картасының иегерінің ерекшелігі – ол басқа елдің азаматы бола тұра Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқыққа ие.
Басқосуға шетелден 21 адам, Қазақстаннан 10 адам қатысты. Олардың ішінде Иран, Ресей, Германия, Моңғолия және тағы басқа елдердің азаматтары.
Кездесу барысында бірқатар мәселелер талқыланды:
- Ираннан қатысқан Қазақ Асқар, этникалық қазақ екенін дәлелдеу бойынша туындайтын қиыншылықтарды ортаға салды. Бүгігні күні Иран, Ауғанстан, Пакістан елдеріндеге кандастарымыз ұлтын растайтын құжаттарға қол жеткізе алмай отыр;
- Ресейлік Сержан Рыспайұлы, пенсияға шыққандығын айтып, «Ата жолы» картасын алу бойынша жасына қатысты шектеулерді сұрады. Карта иегерлерінің жасына қатысты шектеулер жоқ екендігі айтылды;
Моңғолия азаматы Мендібай Хурман, «Ата жолы» картасына үміткер азаматтардың білімі бойынша қойған сауалына, «ҚР азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін және шетелдіктердің тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптердің тізбесінде көрсетілген мамандық иелері және өз елінде тіркелген, жұмыс істеп тұрған бизнесі бар азаматтарға берілетіні түсіндірілді.
Қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.