Ұланбатырда қандастардың қатысуымен кездесу өтті

13 Қараша, 2019

Моңғолия астанасы Ұланбатырда ғылым және технология университетінің ректоры  Баатар Очирбаттың тікелей қолдауымен қазақ ұлты жастарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Ұланбатырдағы өкілдері, Моңғолия қазақтарынан шыққан өнер, білім саласы, қоғамдық қызмет, кәсіпкерлік өкілдері, ЖОО студенттері- барлығы 90 -дай адам қатысты. Жиында «Отандастар қоры» КЕАҚ бизнес және жобаларды акселерациялау департаментінің үйлестірушісі Болат Зауытұлы мен мәдени-гуманитарлық ғылымдар департаментінің сарапшысы Ана Шакерханқызы қор жұмысымен таныстырды.


         Атап айтқанда, Қор жүзеге асырып жатқан үлкен жобалардың бірі - этникалық қазақтар шоғырланған елдерде қазақ тілін қашықтан оқытатын «онлайн» «Qazaq»  класстарын ашу және «Qazaq uii» мәдени-іскерлік жобасы жайында жан жақты мәлімет берілді. Қазақ тілін интернет арқылы Skype  онлайн режімде тегін үйрететін жоба дамыған елдердің мол тәжірибелерін зерттеп, шетелдегі қандастардың сұраныстарын ескеріп жасалған. 
        Кездесуге келгендер жиын барысында өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауап алумен қатар, ұсыныс тілектерін де білдірді. 


        Солардың бірі АҚШ пен Жапонияда халықаралық қатынас, лингвистика бойынша білім алып, Жапонияда 10 жыл жұмыс істеген «Алтай үні» қоғамдық бірлестігі және Жэй Пи партнэрс (JP Partners Co.LTD) ЖШС атқарушы директоры Жанболат Хайсанайұлы. Қандасымыз бүгінде Ұланбатырда екі оқу орталығының Жапониямен бірлесіп 12 жыл жұмыс істейтінін айта келе «Qazaq klasy» орталық базасын ашып, қазақ тілін үйренгісі келетіндерге көмектесуге дайын екенін жеткізді. Тарихи отаным Қазақстанда бизнесімді дамытып, Жапониямен қарым - қатысты жан жақты нығайтуға,  ақпараттық технологияның соңғы жетістіктерін пайдалануға көмектесуге, елге туризм ұйымдастыру ісіне атсалысуға дайынмын деген ол, қор өкілдерін оқу орталығына шақырды.

Ұланбатырда қандастардың қатысуымен кездесу өтті