Ақысыз қоңырау
Ұялы телефоннан
30 Желтоқсан, 2021
2019 жылы екі бағыт бойынша аналитикалық зерттеулер жүргізілді:
І-бағыт. Диаспоралық саясат мәселелері бойынша жиынтық-талдау зерттеулер және шетелде тұратын қазақтардың проблемаларын зерделеу.
Талдамалық зерттеулер жүргізу мақсатында зерттелетін елдерден (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Моңғолия) келген 1300 этникалық қазақтарға 300 терең сұхбат және сауалнама жүргізілді.
Жүргізілген зерттеулер шетелдердегі қазақтар қазақ халқының құрамдас бөлігі болып табылады, олардың бірыңғай тарихи және этникалық Отаны – Қазақстан. Шетелдегі қазақтар мен Қазақстандағы қазақтар түрлі жергілікті өзгешеліктері бола тұра бір мәдениетке, бір тілге ие, - Қазақ хандығының құрамында тарихи тұтастығымен біріктірілген, ‒ бірегей қазақ этносын құрайтынын көрсетті.
Кейбір сараптамалық бағалаулары бойынша алыс және жақын шетелдердегі қазақтар қазіргі қазақ ұлтының үштен бір бөлігін немесе 7-8 млн. адамды құрайды.
Қазақтардың басым бөлігі тарихи тұрғыдан Ресей, Өзбекстан, Қытай, Монғолия, Түркменстан сияқты Қазақстанмен шектес мемлекеттер аумағының ежелгі қоныстанушылары болып табылады.
Алыс және жақын шетелдерде тұратын қазақтардың мәселелері бойынша негізгі проблемалар:
Қазақстан аумағының ауданы бойынша әлемде 9 – орынды және халық саны бойынша 64-орынды алып, ел бойынша халық тығыздығы коэффициентінің орташа деңгейі ‒ шаршы км-ге 5,8 адам, бұл біздің елімізді әлемде 184-орынға ие. Аумағы біркелкі орналаспаған. Демографиялық теңгерімсіздік байқалады. Әлемдегі орташа көрсеткіш ‒ 1 шаршы км-ге 56 адам.
Халықтың депопуляциясы, басты кезекте солтүстік және солтүстік-шығыс облыстардан тұрақты эмиграция процестерімен байланысты.
Көші-қон ағынының ұлғаюы ауылдардың бос қаллуымен, халық санының қысқаруымен және моноқалалар мен шағын қалаларда жұмыспен қамтушылардың проблемаларының шиеленісуімен және соның салдарынан көшіп келушілердың бір бөлігінің маргиналдануы мен криминалдануымен қатар жүреді, сондай ақ жергілікті жердегі еңбек және тұрғын үй нарықтарында бәсекелестіктің шиеленісуіне әкеле отырып, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын тудырады.
Бұндай жағдайларда мемлекетке, халықаралық тәжірибені ескере отырып, саладағы проблемаларды шешудің жаңа тәсілдерін құрудың қолда бар өзіндік тәжірибесі негізінде репатриацияның тиімді жүйесін құру маңызды.
Барлық мүдделі құрылымдардың күш-жігерін шоғырландыру тәжірибесі Қазақстанның қазіргі заман тарихында бұрын болған - ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің жұмыс істеуі (Үкімет құрамына кірмейтін және өз қызметін 1997 жылғы желтоқсаннан бастап 2004 жылғы қазанға дейін жүзеге асырған, халық санының өсуін қамтамасыз ететін мемлекеттік демографиялық және көші-қон саясатын әзірлеу мен іске асырудың негізгі миссиясы бар орталық атқарушы орган) және арнайы бағдарламалар қабылдауы, соның ішінде осы салада этникалық көші-қонның сауатты жасалған саясаты, елдің демографиялық даму траекториясын келеңсіздіктен оңды бағытқа айтарлықтай өзгертуге мүмкіндік берді.
Тәуелсіздік алғалы бері репатрианттардың негізгі шығу елдері Өзбекстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Моңғолия, Түркіменстан болып табылады. Этникалық репатрианттардың шыққан елдерін ескере отырып, олардың көпшілігі Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында қоныстанды.
Бұл үрдіс өңірлік демографиялық әркелкілікті ескере отырып, этникалық компонентке негізделген көші-қон саясатының жаңа моделін іске асыру қажеттілігін өзектендіреді.
Жалпы зерттеулер шет елдерде тұратын қазақтардың проблемалары мен диаспоралдық саясат мәселелері мемлекеттік реттеуді одан әрі жетілдіруді талап ететінін көрсетті.
ІІ-бағыт. Отандастардың Отанына оралуын мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесін зерделеу.
Ресей Федерациясы, Түрік Республикасы, Израиль мемлекеті, Германия Федеративтік Республикасы, Польша Республикасы, Корея Республикасы сияқты елдердің халықаралық тәжірибесін зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ есептерде көрсетілген мазмұндық-конструктивтік ұсыныстар мен ұсынымдарды жинақтап, мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған елдердің халықаралық тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 23 маусымда қазақтардың V Дүниежүзілік құрылтайында (№17-32-39.1 хаттама) отандастарды жан-жақты мемлекеттік қолдау туралы тапсырмасына негізделе отырып, Қазақстан Республикасында шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдауды құқықтық реттеуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыру қажет.
Жоба бойынша міндеттерді орындау шеңберінде:
Заң жобасы әлемдік практиканың заманауи үрдістеріне, жинақталған тәжірибеге және қазақстандық мемлекет пен қоғамның жақын және алыс перспективалары туралы ғылыми негізделген, іргелі ұғымдарға негізделген.
Заң жобасында: жаңа ұғымдық аппарат, шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидаттары мен міндеттері, мемлекеттік органдардың құзыреті, соның ішінде Тұңғыш Президент – Елбасының, ҚР Президентінің, ҚР Парламентінің шетелдегі отандастарды қолдау жөніндегі айрықша өкілеттіктері, оларды мемлекеттік қолдау нысандары, сондай-ақ Қазақ картасын ұсыну тәртібі, шарттары, мерзімдері көзделген. Осылайша, Қазақ картасы оралман мәртебесін (Қазақстан Республикасының азаматтығын) алғанға дейін шетелдік отандастар ие бола алатын құжат ретінде болжанады.
Құжаттардың жобаларын әзірлеу кезінде мемлекеттік органдардың – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жөніндегі Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің ұсыныстары барынша ескерілді.
Сонымен қатар, зерттелетін елдердің құқықтық базасын зерделеу қорытындысы бойынша қалыптасқан келесі негізгі позицияларды атап өтуге болады: