5 қарашада Омбы қаласында осында тұратын қандастарымыз бен отандастардың басын қосқан бизнес-форум өтті

08 Қараша, 2019

5 қарашада Омбы қаласында осында тұратын қандастарымыз бен отандастардың басын қосқан бизнес-форум өтті. Бұл шара шет елде тұратын этникалық қазақтар мен сол елдерге қоныс аударған отандастарымызбен байланыс орнату және нығайту жөнінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті–Елбасы берген тапсырманы жүзеге асыру мақсатында құрылған «Отандастар Қоры» бағдарламасының бір бөлігі.        

                                                                    

Қордың бірінші вице-президенті Талғат Мүбаракұлы Адуов форумға қатысушыларды қор құрылымы мен оның жұмыс істеу механизмдері туралы айтып берді. Жиын қонақтары әлемдегі қазақ диаспорасын біріктіретін құрамына «Атамекен» іскерлік үйін мен «Абай» мәдени үйі кіретін «Қазақ үйі»  мәдени- іскерлік үйі жобасына ерекше назар аударды.       

                                  

Талғат Мүбәракұлынан кейін сөз алған "Отандастар Қоры" КЕАҚ Бизнес және жобаларды акселерациялау департаментінің кеңесшісі Әзімхан Елтайұлы Аусатов «Атамекен» іскерлік үйі қызметін тәптіштеп айтып, оның шет елдегі қандас кәсіпкерлерге берері жайлы әңгімеледі.                                               

Форумға қатысушылар бұл ақпаратты қызығушылықпен қабылдады және қысқа мерзімде "Атамекен" іскерлік үйінің дамуына қатысты өз ұсыныстарын ұсынатындықтарын жеткізді.                                                                                        

Бұдан әрі бизнес шақырылған сарапшылар "Омарта" республикалық бал шаруашылығының вице-президенті Нұрәділ Ғабит Нұрәділұлы омарта бизнесін ұйымдастыру ерекшеліктері, мемлекеттік және мемлекеттік емес қолдаулар,  оны  Қазақстан мен шет елдерде дамыту әлеуеті туралы, ал «Astana hub» өкілі Қанат Ерікұлы Келдібеков СЕО «Saccess LLP» ЖШС әзірлеген, ұялы телефондағы бағдарлама арқылы басқарылатын инновациялық заманауи құлыптарды таныстырды.                                                                 

Қатысушылар тарапынан сөз алған Омбы қазақтары қауымдастығының өкілі Алина Смыкова этникалық белгісі бар өнім шығаратын шеберхана ұйымдастырып, оны Ресей өңірлеріне  тарату мүмкіндігін қарастыру жайлы, Ринат Төкенов мемлекет-жекеменшік серіктестігі бойынша ұлттық  нышанда балабақша құруды, ондай мекеменің қазір өте қажет екені туралы айтты.  Серік Рахымов болса Ресейден Қазақстанға астық пен қиыршық тас жеткізудегі қиындықтар жайлы айтып, қор өкілдерінің осы мәселенің шешілуіне көмектесуін сұрады.       

Махаббат Көптұров болса Омбы өңірңне қазақстандық балды тарату бойынша дилерлік желі құруға қызығушылық білдірді.                

Бизнес форумға қатысушылар жиын соңында Омбы өңірі қазақтарының облыста «Абай» мәдени үйінің құрылуына қолдау көрсетуге, «Отандастар» қоры ұйымдастыратын іс-шаралар мен жобаларға қатысуға және бизнес ынтымақтастыққа өз ұсыныстарын әзірлеуге дайын екендіктерін жеткізді.

5 қарашада Омбы қаласында осында тұратын қандастарымыз бен отандастардың басын қосқан бизнес-форум өтті