Елімізге оралған қандастардың көші-қон үрдісінде туындайтын мәселелері бойынша жан-жақты ақпараттық-консультациялық жұмыстарды жүргізу мақсатында «Отандастар қоры» КеАҚ жанында Фронт-кеңселер жұмыс істейді.
Биыл Фронт-кеңселер 9 аймақта (Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында) ашылып, жұмыс істеп жатыр.
Осыған орай 2021 жылғы 18 ақпанда өңірлердегі Фронт-кеңсе өкілдеріне ZOOM платформасында бірінші оқу-семинары өтті. Семинардың мақсаты – қандастарға сапалы ақпараттық қолдау көрсету, олардың арасында туындаған мәселелерді жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешу жолдарын қарастыру.
Сонымен қатар қандастарды әлеуметтік қолда, құжаттарын рәсімдеуді жетілдіру бойынша ұсыныс-сұрақтар тыңдалып, талқыланды.
Нәтижесінде нормативтік-құжаттарға өзгерістер енгізу, мемлекеттік бағдарламаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар тиісті орталық атқарушы органдарға жіберіледі.