Қандастар мәселесі талқыланды

05 Ақпан, 2021


2021 жылдың 5 ақпанда «Отандастар қоры» КеАҚ Қандастарды қолдау орталығының үйлестірушісі Марат Тоқсамбаев, ҚР Ішкі істер министрлігі Көші қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі Сабыржан Жарылқағанұлы Сейтжановпен, Азаматтық басқармасының басшысы, полиция полковниггі Ғани Шымырбаевпен және басқарма қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында Қандастарды қолдау орталығына келіп түскен 145 қандасымыздың өтініштері қаралды. Олар: ықтияр хат рәсімдеу, шетел құжаттарының мерзімін өткізіп алу, ҚР азаматтығын алу, зейнетақысын және қандас мәртебесін ұзарту және тағы да басқа мәселер.

Сонымен қатар 2004 жылы Өзбекстан Республикасынан көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына кейіннен Қостанай облысына қоныс аударған қандасымыз Элмурадов Саматтың өзінің және екі баласы Саматов Асан мен Үсен  16 жылдан бері ҚР азаматтығын ала алмай жүрген мәселесі қаралды.

Нәтижесінде ҚР ІІМ Көші қон қызметі полициясы ұсынылған тізімдегі қандастарымыздың әрбір мәселесі аймақтардағы өкілдерімен бірлесіп қаралып, заңға сәйкес шешілетіндігін жеткізді.

Қандастар мәселесі талқыланды