2020 жылғы 29 қазанда «Отандастар қоры» мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, ҚР Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен онлайн-форматта Стамбул қаласында (Түркия) «Абай» мәдени-іскерлік үйінің салтанатты түрде ашылды.
Іс-шараға ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Батырхан Құрмансейітов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев, Ыстамбұл қаласы Зейтінбұрны ауданының әкімі Омар Арисой, ҚР Ыстамбұлдағы Бас Консулы Әлім Байел, «Отандастар қоры» КеАҚ Президентінің кеңесшісі Қалыбек Қобландин, «Қазақ-түрік білім беру және зерттеулер» ассоциациясының президенті Ертолқын Гайретуллах, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, Түркиядағы қазақ қауымының өкілдері және т. б. қатысты.
Іс-шара аясында «Абай» мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтіп, Түркиядағы қазақ қоғамдастығының мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
«Отандастар қоры» шетелде «Абай» мәдени-іскерлік үйінің желісін ашу жұмысын жалғастыруда. Бұған дейін «Абай» мәдени-іскерлік үйілері Омбы (Ресей) және Ташкент (Өзбекстан) қалаларында ашылған еді. 2020 жылдың соңына дейін Бішкек қаласында (Қырғыстан), Берлин қаласында (Германия) тағы екі «Абай» мәдени-іскерлік үйі ашылуы жоспарланып отыр.