12 қазан күні Қайнар университетінің ректоры Еренғайып Омаров, проректоры Кәрімбек Құрманалиев «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, Жобалар координаторы Дидар Болат пен Қандастарды қолдау департаментінің менеджері Талапбек Тынысбекұлының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесуде қандас жастардың Қазақстанға келіп білім алу мүмкіндіктері, арнайы бөлінетін квоталық гранттар мен пандемия кезінде туындаған бірқатар мәселелер талқыланды. Алдағы уақытта «Отандастар қоры» мен Қайнар университеті бірлесіп, қандас жастарға арнайы гранттар бөлу туралы уағдаласты.
Кездесу соңында екіжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.