ҚР АҚДМ вице-министрі М. Әзілханов «Отандастар қорының» басшылық құрамымен кездесті

25 Тамыз, 2020

Биылғы жылдың 25 тамызында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М. Әзілханов «Отандастар қорының» басшылық құрамымен кездесті.

Кездесу барысында Қордың жұмысы, жекелеген салалардың ахуалы және биылғы жылдың жоспарлары айтылды. Сондай-ақ, қатысушылар 5 мемлекетте (Ресей – Омск қ., Түркия – Стамбул қ., Германия – Берлин қ., Қырғызстан – Бішкек қ., Өзбекстан  - Ташкент қ.) ашылуы тиіс мәдени-іскерлі үйлері мен шет елдердегі қандастарға арналған қазақ тілін үйрену онлай-сыныптарын ашу жобаларын талқылады.  

«Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов шет елдердегі қандастар құрған қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасауға арналған  Меморандумдарға келісу ісі жалғасып жатқандығын жеткізді.

Бүгінде әлемнің 25 мемлекетінде 62 меморандумға қол қойылған. Сондай-ақ, М. Сарбасов әлемнің 12 елінде жалпы аудиториясы 800 адамды қамтитын 22 онлайн-сыныптың жұмыс жасап тұрғандығын айтты.  

Өз кезегінде, Марат Әзілханов шет елдердегі мәдени-іскерлік үйлерді мазмұндық жағынан сапасын көтеру мен шет елдердегі қандастарды қазақ тіліне үйретуге арналған онлайн-сыныптар санын арттыруды тапсырды.

ҚР АҚДМ вице-министрі М. Әзілханов «Отандастар қорының» басшылық құрамымен кездесті