Қандастар үшін Қазақстандағы ЖОО-лардың дайындық бөліміне түсуге құжат қабылдау басталды

07 Тамыз, 2020

Қандастарымыз мемлекеттік білім беру тапсырыс бойынша жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде білім ала алды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысына сәйкес 2020-2021 оқу жылына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орындарының дайындық бөлімінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды оқытуға 1300 орын бөлінді.

Оқуға түсуге арналған құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының веб-порталы https://enic-kazakhstan.kz арқылы онлайн режимде жүргізіледі.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жеткізу үшін Сыртқы істер министрлігіне хат жолданды.

Үміткерлерден құжаттарды қабылдау ережесіне сәйкес қадамдық нұсқаулығы төменде көрсетілген.

Құжаттарды онлайн режимінде тапсыру бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +7 (7172) 287526 нөміріне және  admission@n-k.kz  поштасы бойынша хабарласуды сұраймыз.

Сонымен қатар, «Отандастар қорының» төменде көрсетілген нөмірлері бойынша хабарласа аласыздар:

1404 (барлық қазақстандық мобилді операторлар  үшін тегін)

8 800 080 1404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар  үшін тегін)

+7 (7172) 981404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар  үшін тегін , халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгілеген ставкамен)

8 701 000 1404 (WhatsApp, Telegram хабарлар мен қоңыраулар үшін)

E-mail: komek@oq.gov.kz

Skype: komek@oq.gov.kz

Қандастар үшін Қазақстандағы ЖОО-лардың дайындық бөліміне түсуге құжат қабылдау басталды