Құрметті қандастар! Қадірлі ағайын!

Кеше

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығымен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Президенті қызметіне кірісіп отырмын.

Шетелдегі қазақ диаспорасы – ұлтымыздың ажырамас бөлігі, тарихи Отанымыздың рухани байлығы мен халықаралық беделінің маңызды тірегі. Осы орайда әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын барша отандастарымызға шынайы ықыласымды білдіріп, ізгі тілегімді жеткізгім келеді.

Алдағы уақытта сіздермен, этномәдени бірлестіктермен және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істеуді басты мақсатым деп санаймын. Қазақ тілі мен мәдениетін насихаттау, жастарымыздың тарихи Отанмен байланысын нығайту, елге оралғысы келетін қандастарымызға жан-жақты қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Әрбір ұсыныс-пікірлеріңізге ашық екенімді айтқым келеді.

Құрметпен,
Ырысқали Дәуренбек,
«Отандастар қоры» КеАҚ Президенті

Құрметті қандастар! Қадірлі ағайын!