Ырысқали Дәуренбек «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті болып тағайындалды

Бүгін, 17:05

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығымен Ырысқали Рақымұлы Дәуренбек «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті қызметіне тағайындалды.

Ырысқали Дәуренбек 1963 жылы Ұлытау облысы (бұрынғы Қарағанды облысы) Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.

1993 жылы Алматы шет тілдер педагогикалық институтын тәмамдаған. Кәсіби біліктілігін «Philipps-University Marburg» университетінде (ГФР), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық академияда және «University Potsdam» университетінде (ГФР) жетілдірген.

Еңбек жолын 1981 жылы бастаған.

1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде дипломатиялық қызмет атқарып келеді.

Әр жылдары ҚР СІМ Бас консулдық басқармасының референті, атташесі, үшінші және екінші хатшысы, Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің консулы, Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің консулдық бөлімінің меңгерушісі, Омбы қаласындағы (РФ) Бас консулы, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің консулдық-құқықтық және көші-қон бөлімінің бастығы, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті Талдау және мониторинг басқармасының басшысы, ҚР СІМ Аппарат басшысының орынбасары, Консулдық қызмет департаменті директоры қызметтерін атқарған.

2013-2018 және 2021-2024 жылдары Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің Бонн қаласындағы бөлімшесінің басшысы болды.

2024 жылғы желтоқсаннан бастап жаңа тағайындауына дейін ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

Дипломатиялық дәрежесі: II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.

Мемлекеттік қызметтегі және дипломатиялық саладағы еңбегі үшін «Құрмет» орденімен (2026), «Шапағат» медалімен (2020), Нәзір Төреқұлов атындағы «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» медалімен (2026), Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2006), сондай-ақ бірқатар мерекелік медальдармен марапатталған.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған, 2001 жылы ресми түрде ақталған.

Отбасылы, төрт баланың әкесі.

Ырысқали Дәуренбек «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті болып тағайындалды