Қандастар қатыса алатын «Бастау» кәсіпкерлік жобасы (ИНФОГРАФИКА)

29 Ақпан, 2020

«Бастау» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша жобаның мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықты кәсіпкерлікпен айналысуға тарту арқылы ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыру.

Кәсіпкерлік негіздерін оқуға қатысушылар – ауылдық елдімекендерде, аудан орталықтарында тұратын, жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген/тіркелмеген жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін іс жүргізіп отырған кәсіпкерлер (бизнесінің тіркелгеніне 3 жылдан аспауы керек).  

«Бастау» жобасының жүзеге асу кезеңдері:

- жобаға қатысу  үшін әлеуетті қатысушылар ӨКП филиалдары/жұмыспен қамту орталықтары, ауылдық округ/немесе елдімекен бөлімінің әкіміне барып, қатысуға өтінім жасайды;

- жұмыспен қамту орталығымен жобаның мақсатты тобына (жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) сәйкес келуді мақұлдайды;

- іріктеуден өту (кәсіпкерлік әлеуетті анықтау мақсатында әлеуетті қатысушыларды тестілеуден өткізу);

- топтарда практикалық оқу және бизнес-жоспарларды жазу бойынша жекелеген консультациялар;

- бизнес-жобаларды қорғау;

- бизнес ашу (осы және басқа да Бағдарламалар, кепілдендіру, сонымен қатар жеке қаржыландыру бойынша шағын несиелендіру арқылы).

Оқу аяқталған соң қатысушылар қатысудағы белсенділік және бизнес-жобаны қорғауға байланысты екі түрлі сертификаттың (қатысу туралы сертификат, оқуды аяқтау туралы сертификат) бірін алады. Аталған сертификаттар жылдық 6 пайызбен жеңілдікпен несие алу құқығын береді. 

Жоба аясында қатысушыларды оқыту қайтарымсыз негізде жүзеге асырылады.

Оқуға қатысушыларға 16 759 теңге көлемінде бір реттік шәкіртақы төленеді.

Қатысушылар сондай-ақ жобаларына 1 жыл бойы сүйемелдеуді пайдалана алады.

Толық ақпарат алу үшін келесі нөмірге хабарласуға болады: 1404

Қандастар қатыса алатын «Бастау» кәсіпкерлік жобасы (ИНФОГРАФИКА)