Қазіргі кезеңде шетелдегі отандастарымызды мемлекеттік қолдау шараларын талдау этникалық қазақтардың тарихи Отанына қоныс аударудың экономикалық алғышарттары мен құқықтық жағдайының нашарлауын, оралу процестерін ынталандырудың әлсіздігін және мемлекеттік органдардың этникалық қазақтармен әлем бойынша ұйымдастырушылық және ақпараттық-коммуникативтік қызметінің келеңсіздіктерін аңғартады.
Тарихи Отанына қоныс аударған жағдайда этникалық қазақтарға олардың бейімделуінің алғашқы кезеңінде, бірінші кезекте тұрғын-үймен, жұмыспен, жер телімдерімен қамтылатыны жөнінде толыққанды ақпараттандырылуы және осыған байланысты жәрдем көрсетілетіндігіне сенімнің болуы бұл міндетті шешудің маңызды факторы болуы тиіс.
Мұндай шаралар репатрианттарға иелікке алған тұрғын-үйлерін кіші және орта бизнесті несиелеу бағдарламаларына белсенді қатысуы үшін кепілдік мүлік ретінде пайдалануға, еңбек нарығына тиімді интеграциялануына, ел экономикасының әртүрлі салаларында кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік береді.
Осы және басқа да міндеттер этникалық көші-қонды мемлекеттік реттеуді одан әрі жетілдіруді талап етеді. Осыған орай, «Отандастар қоры» КЕАҚ шетелдегі қазақтарды және ерікті қоныс аударуды қолдаудың 2021-2025 ж.ж. арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеуге кірісті.
Комиссия отырысының күн тәртібінде репатриацияны ынталандыру шаралары, шетелдердегі этникалық қазақтарды оқулықтармен, көркем және басқа да әдебиетпен қамтамасыз етудегі келеңсіз жағдайлар, Ақмола облысының Нұрлы көш (Красный Яр) және Шығыс Қазақстан облысының Шығыс ауылдарындағы шетелден көшіп келген қандастарымызға арналған үй-жай мәселелері талқыланады.
Қабылданған шешімдер ҚР Үкіметі жанынындағы Шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылады.
Комиссия отырысының жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметкері, Ақпарат және қоғамдық даму, Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт вице-министрлері қатысады.
Өтетін күні: 2020 ж., 12 наурыз, сағат 16:00.
Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1, «Nur Otan» ғимараты 4 қабат, №406 мәжіліс залы.
Байланыс телефоны: 8 (7172) 23-59-18, 8-701-331-92-06.