2026 жылғы 25-26 наурыз күндері Моңғолияның Баян-Өлгей аймағындағы Музыкалық драма театрында ҚР Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» КеАҚ және жергілікті әкімдіктің қолдауымен «Қазақстандық білім күндері» атты ауқымды білім көрмесі өтті.
Екі күнге созылған бұл шараның негізгі мақсаты – шетелдегі қандас жастарға Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін таныстыру және оқуға түсу мүмкіндіктерін түсіндіру. Биылғы көрмеге Қазақстанның 10-нан астам жетекші жоғары оқу орнының өкілдері арнайы келіп қатысты. Олар:
«Бұл көрме – жастарымыз үшін үлкен мүмкіндік. Сапалы білім алып, атажұртпен байланысты нығайтуға жасалған маңызды қадам» – деді аймақ басшысы.
«Отандастар қоры» КеАҚ білім бағытына жауапты маман Талғат Кенжеханұлы өз сөзінде бұл шараның дәстүрлі сипат алғанын және жыл сайын гранттар мен жеңілдіктер туралы ақпарат алуға ниетті жастардың қатары артып келе жатқанын тілге тиек етті.