Өзбекстан Республикасы Кенимех ауданына қарасты Теріқұдық ауылында орналасқан №14 қазақ мектебінде қазақтың біртуар ақыны, «ақиық ақын» атанған Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жыр болып соққан жүрек» атты мерекелік әдеби кеш ұйымдастырылды.
Әдеби кештің басты мақсаты – жас ұрпаққа Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныту, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық рух пен әдебиетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған «Біліміңді сынап көр» атты сұрақ-жауап байқауы өткізілді. Сонымен қатар оқушылар Мұқағали жырларын мәнерлеп оқу сайысында бақ сынап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Байқауларға белсене қатысқан оқушылар жүлделі орындарға ие болып, арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.