Жалпы статистика: 2025 жылдың қорытындысы бойынша 16 805 этникалық қазақ тарихи отанына оралды. 1991 жылдан бері барлығы 1 млн 164,8 мың адам келген.
Келген елдері: Өзбекстан (44,5%), Қытай (44,1%), Түрікменстан (4%), Моңғолия (3%), Ресей (2,5%) және басқалар (1,9%).
Демография және білім: Қоныс аударушылардың 57,4%-ы еңбекке қабілетті жаста. Олардың 15%-ы жоғары білімді, 27,5%-ы орта кәсіби білімге ие.
Қоныстандыру: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, БҚО, ШҚО және СҚО секілді жұмыс күші тапшы өңірлерге басымдық берілді. 2025 жылы квота бойынша 2 309 адам қоныстанды.
Мемлекеттік қолдау: Көшуге бір реттік субсидия (70 АЕК – 275,2 мың теңге) және тұрғын үй жалдауға ай сайынғы көмек (15-30 АЕК) беріледі.
Жаңашылдық: 2026 жылдан бастап тұрғын үй алуға арналған экономикалық ұтқырлық сертификаты 1 625 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.