Елордада "Отандастар" оқу залы ашылды

27 Ақпан, 2020

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында "Отандастар" оқу залы ашылды. Жаңа залдың ашылуы "Отандастар" Қорының, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының және ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының бастамасымен өтті. Іс - шара барысында "Қазақ әлемі" - "Мир казахов"кітаптары таныстырылды.

Айта кетейік, Ұлттық академиялық кітапханада "Отандастар"сандық кітапханасы құрылды. Онда қазақ диаспорасы туралы шетел әдебиеті мен отандастарымыздың шығармалары ұсынылған.

Қазіргі уақытта кітапхана қорында 2000-нан астам кітап бар. Қазіргі таңда барлық әдебиеттер "Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасы"техникалық платформасында цифрландырылған. Бұл біздің отандастарымызға әлемнің кез-келген жерінде кез-келген кітапты оқуға мүмкіндік береді.

Елордада "Отандастар" оқу залы ашылды