2025 жылғы 4 қарашада «Отандастар қоры» кеңсесінде Түркиядағы қазақ ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға Қазақ түркілер қорының басшысы Ілияс Сақа, Қожа Ахмет Яссауи білім және парасат қорының құрылтайшылары Ариф Авжы мен Ибраһим Мутлы, сондай-ақ Қазақстандағы «Қожа Ахмет Яссауи» қоғамдық қорының басшысы Нұржан Жаңқараев қатысты.
Кездесу барысында шетелдегі қазақтармен өзара іс-қимылды нығайту, отандастарды қолдау және олардың ұлттық болмысын сақтау мәселелері талқыланды. Әсіресе қазақ тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтау мақсатында қазақ балабақшасын ашу, домбыра үйірмелерін ұйымдастыру және шетелдегі этникалық қазақтар үшін Қазақстан Республикасының азаматтығын алу рәсімдерін жеңілдету жөніндегі бастамалар көтерілді.