2025 жылғы 10 қыркүйекте «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Д.Қадыров Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігінде өткен Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан Уәлиханов: Қазақстан мен Ресейдің ортақ мұрасы» атты дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдарының өкілдері, парламент мүшелері, дипломаттары, ғалымдары қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Дөңгелек үстелді аша отырып, Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ш. Уәлихановтың өмір жолы қысқа болғанымен, ол өзінің артынан көпшіліктің бірнеше өмірі жетпейтіндей мұра қалдырғанын атап өтті.
«Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Данияр Қадыров Уәлихановты Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы достықтың жарқын үлгісі деп санайды: оның мұрасы өзектілігін жоғалтқан жоқ, ал ғылыми идеялары мен гуманитарлық көзқарастары Еуразия халықтарының мәдениеті мен өзара түсіністігін жақындастыру ісіне қызмет етуді жалғастыруда.
Іс-шара қатысушылары Шоқан Уәлихановтың Қазақстан мен Ресейдің ортақ мұрасы, екі халықтың достығы мен ынтымақтастығының символы және берік негізі екенін атап өтті. Олардың пікірінше, көрнекті қазақ ғалымының өмірі мен қызметі терең әрі егжей-тегжейлі зерттеуге лайық. Осыған байланысты қазақстандық және ресейлік ғалымдар Уәлихановтың ғылыми мұрасын зерделеуде өзара іс-қимылды белсенді дамытып, жаңа парақтарды ашуы қажет. Өткізілген дөңгелек үстел осы үлкен жұмыстың басталуына ықпал ететініне сенім білдірілді.