Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ шетелдік азаматтарға, оның ішінде Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ ұлтының өкілдеріне арналған 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік стипендиялық бағдарлама шеңберінде конкурстық іріктеудің аяқталғаны туралы хабарлайды. Конкурс қорытындысы бойынша 550 стипендиаттың негізгі тізімі бекітілді.
Аталған бағдарламаның «Болашақ» бағдарламасына қатысы жоқ екенін атап өткен жөн. Ол 2019 жылдан бастап дербес жүзеге асырылып келеді және халықаралық академиялық әріптестікті кеңейтуге, сондай-ақ шетелден талантты жастарды Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға тартуға бағытталған.
2025 жылы бағдарлама аясында келесі мөлшерде гранттар бөлінді:
Байқауға әлемнің 57 елінен 13 723 үміткер қатысты. Іріктеу процесіне 2 668 білім беру бағдарламасын ұсынған 37 қазақстандық жоғары оқу орындары жұмылдырылды. Ең көп стипендиаттар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, Astana IT University, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне, ҚБТУ және басқа да оқу орындарына қабылданды.
Бағдарлама Орталық Азияның білім беру хабы ретінде Қазақстанның имиджін нығайту жөніндегі стратегиялық міндетті іске асыруды жалғастырады.