Қазақстанда 800 мыңға жуық шетелдікке уақытша тұруға рұқсат берілді

23 Шілде 2025

Бір жылдың ішінде Қазақстанда 792 мың шетелдік және азаматтығы жоқ адамға уақытша тұруға рұқсат берілді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрдің айтуынша, миграция саласындағы қызметтерге сұраныс жыл сайын артып келеді. Қазіргі таңда қазақстандықтар мен ұйымдарға миграция бойынша 23 мемлекеттік қызмет қолжетімді, оның 13-і онлайн форматта ұсынылады.
Жыл ішінде электронды форматта 2,4 миллион қызмет көрсетілді.

Ең көп сұранысқа ие қызметтер:
– Қазақстан азаматтарына төлқұжат пен жеке куәлік беру – 2,9 млн
– Тұрғылықты жер бойынша тіркеу – 2,1 млн
– Тіркеуден шығару – 863 мың
– Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беру – 792 мың
– Қазақстанда уақытша жүрген шетелдіктерге ЖСН беру және түзету – 95 мың

Жаңа цифрлық мүмкіндіктер:
Жаслан Мадиевтің айтуынша, 2025 жылдың қазан айында QazETA мобильді қосымшасында екі жаңа сервис іске қосылады:

  1. ETA – визасыз елдердің азаматтарына электронды рұқсат беру жүйесі

  2. E-residency – шетел азаматтарына Қазақстанға келмей-ақ АХҚО юрисдикциясында бизнес ашу мүмкіндігі (Эстония және Сейшел үлгісі бойынша)

QazETA қосымшасы шетел азаматтарына арналған бірыңғай цифрлық платформа болып табылады. Ол арқылы виза рәсімдеу, мекенжай бойынша тіркеу, көлік қызметтері, туризм, инвестиция және қауіпсіздікке қатысты сервистерді пайдалануға болады.

 

Толығырақ: Tengrinews.kz

Қазақстанда 800 мыңға жуық шетелдікке уақытша тұруға рұқсат берілді