Жыл басынан бері Қазақстанға 7,5 миллион шетелдік келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 600 мың адамға артық. Мұндай деректер бүгін Үкімет отырысында жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Бауыржан Аленовтың айтуынша, елге келушілердің саны жыл сайын артып келеді.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 7,5 миллионнан астам шетелдік кірген (7,2 миллионы елден шыққан). Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 600 мыңға көп. Шамамен 90 пайызы ТМД елдерінен келген.
Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктердің саны – 212 мың. Оның ішінде Алматыда – 42 мың, Алматы облысында – 32 мың, Астана мен Қарағанды облысында – әрқайсысында 17 мың.
Уақытша елде жүргендер – 430 мың. Оның ішінде:
жұмыс істеу үшін – 360 мың
отбасымен қосылу үшін – 17 мың
оқу мақсатында – 8 мың
жеке істер немесе туризм үшін – 44 мың
Толығырақ: Tengrinews.kz