Түркі жастары мен «Отандастар қоры» өкілдері Өзбекстанның жауапты ведомствосымен кездесіп, ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады
- 2025 жылғы 18 маусымда Ташкент қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының III Диаспора жастары форумына қатысушылар мен «Отандастар қоры» өкілдері Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы Ұлтаралық қатынастар және шетелдік елдермен достық байланыстар комитетінің төрағасы Кахраман Раматуллаевич Сариевпен кездесті.
-
- Кездесудің басты мақсаты – түркі мемлекеттері арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету, жастар саясатын жетілдіру және шетелдегі диаспоралармен тиімді жұмыс істеудің жаңа үлгілерін талқылау болды.
-
- Өз сөзінде Кахраман Сариев қазіргі таңда Өзбекстанда жастарды қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар мен бастамалар жүзеге асып жатқанын атап өтті. Ол бұл қолдаулардың тек қағаз жүзінде емес, нақты нәтижелер беріп жатқанын, сондай-ақ бастамашыл жастарға алғысын білдірді. Сонымен қатар, түркі халықтарының ортақ тарихи тамыры мен рухани жақындығына тоқталып, саяси-географиялық шекаралар рухани бірлікке кедергі болмауы тиіс екенін ерекше атап өтті.
-
- Кездесу барысында Кахраман Сариев жастармен ашық сұхбат құруға дайын екенін білдіріп, олардың идеялары мен бастамаларына әрдайым қолдау көрсетуге әзір екенін айтты. Мұндай пікір алмасу алаңдарының тұрақты түрде ұйымдастырылуы аса маңызды екеніне назар аударды.
-
- Форумға қатысушы жастар да өз ой-пікірлерін ортаға салып, түркі елдерінің арасында диаспоралық, мәдени және ақпараттық ынтымақтастықты дамытуға арналған бірқатар жобалық ұсыныстарын таныстырды. Атап айтқанда, академиялық, шығармашылық, кәсіптік және цифрлық бастамалар арқылы мемлекетаралық байланыстарды жаңа деңгейге көтеру жолдары қарастырылды.
-
- Кездесу өзара түсіністік пен сенімге негізделген ашық әрі конструктивті диалог форматында өтті. Тараптар алдағы уақытта бірлескен мәдени форумдар, жастарға арналған халықаралық жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруға ниетті екендерін білдірді.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
- «Отандастар қоры» КЕАҚ Баспасөз қызметі
- Кері байланыс үшін:
- Алжан Шарипов (баспасөз хатшысы)
- +7 775 510 5191
- alzhan.sharipov@gmail.com