Отандастар қоры мен Қырғызстанның Халықтар ассамблеясы арасындағы өзара меморандумға қол қойылды

09 Маусым 2025

2025 жылы 9 маусымда Бішкекте Қазақстан Республикасының «Отандастар қоры» мен «Қырғызстанның Халықтар ассамблеясы» арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумда екі елдің арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамыту және нығайту, халықтардың рухани және мәдени жақындығын сақтауға жан-жақты қолдау жасайтындығы атап өтілді.

Құжатқа Қазақстан тарапынан Қоғам президенті Д.Қадыров, Қырғызстан тарапынан Ассамблея төрағасы А.Матубраимов қол қойды.

Салтанатты іс-шараға сондай-ақ Қазақстанның Қырғызстандағы Елшісі Р.Жошыбаев пен Қырғызстандағы қазақтар ассоциациясының төрайымы Х.Болотова қатысты.

«Отандастар қоры» делегациясының сапары барысында сонымен қатарБішкектегіАбай мәдени орталығында жергілікті қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесу өтіп, екі ел арасындағы мәдени-рухани байланыстарды нығайту жөнінде пікір алысылды.

Отандастар қоры мен Қырғызстанның Халықтар ассамблеясы арасындағы өзара меморандумға қол қойылды