Бүгін 21 ақпан – Халықаралық Ана тілі күніне орай «Отандастар қоры» мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы өткізген «Ана тілім - ардағым» халықаралық байқауының нәтижесі белгілі болды.
Байқауға 2020 жылдың 1-20 ақпан аралығында шетелдегі (Моңғолия, Өзбекстан, Иран, Беларусь елдеріндегі) этникалық қазақ балаларынан (8-11 сынып оқушылары) барлығы 33 шығарма қабылданды. Осы халықаралық байқауда бақ сынап, үздік шыққандар төмендегідей:
I ОРЫН:
Күнберді Бақбергенқызы - Моңғолия (11 сынып) - Абай туралы.
II ОРЫН:
Гүлбану Күмісбаева - Өзбекстан (11 сынып) - әл-Фараби+Абай туралы.
Арай Мұхарапқызы - Моңғолия (9 сынып) - әл-Фараби туралы.
III ОРЫН:
Наркес Ескелді - Иран (10 сынып) - Абай һәм ана тілі туралы.
Диана Абдумуминова - Өзбекстан (10 сынып) - Ана тілі һәм Абай туралы.
Алима Сіләмханқызы - Моңғолия (11 сынып) - Абай туралы.
Қандастардың қарым-қабілеті, қазақ тіліне деген құштарлығы, байқаудағы белсенділігін ескере отырып, «Отандастар қоры» КЕАҚ басшылығы мен қазылар алқасы қосымша 5 ынталандыру сыйлығын беру жөнінде шешім қабылдады:
ЫНТАЛАНДЫРУ СЫЙЛЫҒЫ:
Саида Абдыкамалова - Өзбекстан (8 сынып) - Абай туралы - «Балдәурен».
Жұлдыз Ерқуат - Моңғолия (11 сынып) - Абай туралы - НЗМ /НИШ/.
Никита Гончаренок - Беларусь (7 сынып) - Абай туралы - «Балдәурен».
Илья Гончаренок - Беларусь (9 сынып) - әл-Фараби туралы - «Балдәурен».
Селейманова Назерке - Өзбекстан (9 сынып) - Абай туралы - «Балдәурен».
Еске сала кетейік, байқауға қатысуға талапкер оқушылар «Отандастар» қорына «Шығыстың Аристотелі» атанған ғұлама ойшыл Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы және ұлтымыздың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арнап өзінің ой-толғамын шағын шығарма етіп жазуы тиіс еді.
Байқау шарттары бойынша І орын алған оқушы «Туған елге саяхат» туристік пойызына 1 жолдама иеленеді. II орын алған оқушылар үшін Бурабайдағы «Балдәурен» балалар лагеріне 2 жолдама, III орын алғандар үшін НЗМ (НИШ) лагеріне 3 жолдама (Нұр-Сұлтан қаласы) қарастырылған болатын.
Ұлтымыздың ұлы тұлғаларын ұлықтап, олардың өнегелі өмір жолы мен өміршең туындылары туралы толғанып жазған дарындарымызды шығармашылық байқаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бірінші орын алған Күнберді Бақбергенқызының (Моңғолия, 11 сынып) Абай туралы жазған шығармасы мына сілтеме арқылы оқуға болады.