«Қалам мен қиял» байқауы / жазғы лагерге жолдама / Нұрбек Октаубаев

11 Қараша 2024
  • Октаубаев Нурбек Жаксыгелович
  • Ресей  (Таулы Алтай өлкесі, Қосағаш ауданы, Тошанты ауылы), жасы 12де
  •  
  • Мен - қазақпын
  •  
  • Мен - қазақпын, ана тілде сөйлейтін,
  • Мен - қазақпын, жамандықты білмейтін.
  • Тілім үшін, Отан үшін аянбай,
  • Мен - қазақпын, от пен суға түсетін.
  •  
  • Мен – қазақпын, Отанымды аңсайтын,
  • Мен – қазақпын, салт-дәстүрді жалғайтын.
  • Үлкендерді құрмет тұтып әрқашан,
  • Мен қазақпын ата сөзін тыңдайтын.
  •  
  • Мен – қазақпын, үлкендерді сыйлайтын,
  • Мен – қазақпын, халық қамын ойлайтын.
  • Атамекен, қазақ деген еліме
  • Мен - қазақпын, өз үлесін қосатын.
  •  
  • Мен – қазақпын, Абайға бас иетін,
  • Мен - қазақпын, ата жолын қуатын.
  • Ұстаздарым Ыбырай мен Ахметтен
  • Мен – қазақпын, әр кез үлгі алатын.
  •  
  • Мен – қазақпын, қымыз, шұбат ішетін,
  • Мен - қазақпын, көкпарды да тартатын.
  • Ертегі оқып, жұмбақ шешіп достармен,
  • Мен – қазақпын, қара өлеңді тыңдайтын.
  •  
  • Мен қазақпын, арғымаққа мінетін,
  • Мен қазақпын, жеті атамды білетін.
  • Жолдас үшін аянбайтын әрқашан,
  • Мен-қазақпын, досын қатты сыйлайтын.
  •  
  • Мен қазақпын, айтқан сөзге тұратын,
  • Мен қазақпын, алтыбақан ойнайтын.
  • Әділдікті, татулықты сүйетін,
  • Мен қазақпын, жамандыққа бармайтын.
  •  
  • Мен - қазақпын, Таулы Алтайдай жері бар,
  • Мен - қазақпын, Махамбеттей ері бар.
  • Мен – қазақпын, Абылайдай ханы бар ,
  • Мен – қазақпын, Қазақстандай елі бар.
«Қалам мен қиял» байқауы / жазғы лагерге жолдама / Нұрбек Октаубаев