«Қалам мен қиял» / Путевка в летний лагерь / Нурбек Октаубаев
- Октаубаев Нурбек Жаксыгелович
- Ресей (Таулы Алтай өлкесі, Қосағаш ауданы, Тошанты ауылы), жасы 12де
-
- Мен - қазақпын
-
- Мен - қазақпын, ана тілде сөйлейтін,
- Мен - қазақпын, жамандықты білмейтін.
- Тілім үшін, Отан үшін аянбай,
- Мен - қазақпын, от пен суға түсетін.
-
- Мен – қазақпын, Отанымды аңсайтын,
- Мен – қазақпын, салт-дәстүрді жалғайтын.
- Үлкендерді құрмет тұтып әрқашан,
- Мен қазақпын ата сөзін тыңдайтын.
-
- Мен – қазақпын, үлкендерді сыйлайтын,
- Мен – қазақпын, халық қамын ойлайтын.
- Атамекен, қазақ деген еліме
- Мен - қазақпын, өз үлесін қосатын.
-
- Мен – қазақпын, Абайға бас иетін,
- Мен - қазақпын, ата жолын қуатын.
- Ұстаздарым Ыбырай мен Ахметтен
- Мен – қазақпын, әр кез үлгі алатын.
-
- Мен – қазақпын, қымыз, шұбат ішетін,
- Мен - қазақпын, көкпарды да тартатын.
- Ертегі оқып, жұмбақ шешіп достармен,
- Мен – қазақпын, қара өлеңді тыңдайтын.
-
- Мен қазақпын, арғымаққа мінетін,
- Мен қазақпын, жеті атамды білетін.
- Жолдас үшін аянбайтын әрқашан,
- Мен-қазақпын, досын қатты сыйлайтын.
-
- Мен қазақпын, айтқан сөзге тұратын,
- Мен қазақпын, алтыбақан ойнайтын.
- Әділдікті, татулықты сүйетін,
- Мен қазақпын, жамандыққа бармайтын.
-
- Мен - қазақпын, Таулы Алтайдай жері бар,
- Мен - қазақпын, Махамбеттей ері бар.
- Мен – қазақпын, Абылайдай ханы бар ,
- Мен – қазақпын, Қазақстандай елі бар.