«Қалам мен қиял» байқауының 1-орын иегері (Калыбекова Макбира Бухарбаевна)
- «Қалам мен қиял» байқауының 1-орын иегері
- Калыбекова Макбира Бухарбаевна
- Өзбекстан Республикасы, Науаи облысы, 15 жаста
-
- Дос қадірі
-
- Дос қадірі биік қой түсінгенге,
- Жаратылған сыйласу үшін пенде.
- Өңіріңе нұр шашып жүрген жандар,
- Көңіліңе қаяу-мұң түсірген бе?!
-
- Менің досым заңғар бір шың секілді,
- Ұқсатамын жүзіне күлсе Күнді.
- Құп аламын әр сөзін көңілменен,
- Қуанамын ақ жолмен жүрсе түрлі.
-
- Жақыныңа танытқан жолдастықты,
- Онсыз мәні ғұмырдың болмас тіпті.
- Сенім, пейіл, адалдық досым болсаң,
- Алдыменен айтылған қолда үштікті.
-
- Сол достарың кеңейткен өрісіңді,
- Көтеретін ғұмырды толы сынды.
- Иман барда досыңды бағалай біл,
- Қиналғанда соз оған қол ұшыңды.
-
- Лебізінен жүрегің нұрланады,
- Теңізіндей мейірімнің шын бағалы.
- Жанашырың табылар жаныңнан тек,
- Асқақ кезде сен бір күн шыңнан әрі.
-
- Досым сені сыйлаймын, құрметтеймін,
- Көлденең кеп алдыңнан мүлде өтпеймін.
- Адалдықты арада мәңгі сақтап,
- Қалу үшін өзімді міндеттеймін.
-
- Әрбір адам сенімен күш алар. Ұқ!
- Тілеулесің құшаққа ап құшар анық.
- Бізге үмітті сыйлаған, қадірі ұлық,
- Ізгілікті ұқтырған үш-ақ әріп.
-
- Кей достарым жалтарып сырт айналды,
- Суық тартқан сүймеймін сұрқай жанды.
- Қанатының астына ап, ақ жүректен,
- Нағыз достар шаттықтан шырқайды әнді.
-
- Дос алдында түссе де еңсең мейлі,
- Шарапатын шынайы көрсеңде игі.
- Тар жолында тағдырдың тастап кетпе,
- Ұлы достық байлықпен өлшенбейді.
-
-
- Әкем менің жанашырым
-
- Әкешім асқар тауым биік шың еткен,
- Біз үшін бәрінде үйіп төгіп берген .
- Ардақтаймыз, құрметтейміз әрқашан біз,
- Аяулы анамызбен жанымызда сіз.
-
- Қашанда бізді қолдап қуаттайтын,
- Қолындағы барын аямайтын.
- Шуақты ақ ізіңе бақ дарысын,
- Бір Құдайға тапсырамын қалған ізін.
-
- Менің әкем Бұхарбай бір шың секілді,
- Ұқсатамын жүзіне күлсе Күнді.
- Алдыңыздан ешқашан кес өтпеймін,
- Әрқашанда мен сізді құрметтеймін.
-
- Ұзақ болсын деп тілеймін әке сенің ғұмырың,
- Мың жасашы көріп ұл қызыңның қызығын.
- Әке сенің орның бөлек әрқашанда үйіңде,
- Сен жоғыңда білінеді қайда кетсең орының.
-
-
- Қабір басындағы ой...
-
- Қабірстанда зиярат етіп бір бала,
- Аралап әр қабірді жүр екен.
- Көзі жас екен, соң сұрап білсем,
- Анасының мейірімін іздеген екен.
-
- Анамнан айырылдым бес жасымда мен,
- “Анаң ұйықтап жатыр” деді олар алдап.
- Көзім көр болса да, жүрегім көр емес,
- “Анам тірі” деп жүрдім мен мақтап.
-
- Бәрінің көзінен көз жас ағатын,
- Шаршасам да өмірден шыдап келгенмін.
- Жер теуіп жыладым, шындықты естіп,
- Анамның өмірден озғанын біліп.
-
- Айтшы неге?
- Сонша қатігез бұл дүние,
- Мен де артықпын-ау бұл дүниеде.
- Бір өмір армандар болмас еді менде,
- Анашым қасымда болғанда енді.
-
- «Апатай»,- деді ол жабырқай маған,
- Анамды күтемін әлі де заман.
- «Анам өлмеген ғой!- деп жылады үнсіз,
- Ол жасасыншы, болсын сау аман»
-
- Байғұс баланы тыңдап сол кез,
- Кенет уды жұтқандай болдым.
- Еріксіз көзімнен атылды жас,
- Ол сондай періште, мен болсам ез...
-
- Өзімді қойдым сәби орнына,
- Бір садақ шаншылды жүрек қойныма.
- Сұмдықтың болғанын лезде түсініп,
- Балаға қарап дедім : «Мойыма »
-
- Еш бақытты жүре алмас, күле алмады,
- Балаларша бақытты ойнай алмады.
- Әкесінің тағдырын ойлаған бала,
- Түндерде ұйқысы дұрыс болмады.
-
- Әке де көп өтпей өмірден озды.
- Өмір оған және соққысын берді,
- Жүрегі езілген кішкентай бала.
- Не қылсын, халі нашарлай берді.
-
- Бала сол кезде он жаста еді,
- Әкесін бейітіне қойып, сол сәтте.
- Аллаға жалбарынып солай деді:
- “Айтшы неге өмірде қатты қиналдым”
- Анамның өлімі аз еді маған,
- Әкемді де алдың, жетіммін енді.
- Енді не қалды керегі саған?
-
- Осылайша күндер өте берді.
- Әркім жаман сөзбен қорлап баланы.
- Көшеде бас көтеріп жүре алмайтындай,
- “Бұл жетім бала” деп сыртынан бөсті.
-
- Қызығып келемін анасы барға,
- Еш азап бермеймін мейірім зарға.
- Бұл өмір өткінші білемін ана,
- Ұлыңды анашым тек өзің қолда!