1st place winner in the «Қалам мен қиял» competition (Kalybekova Makbira Bukharbaevna)

11 November 2024
  • «Қалам мен қиял» байқауының 1-орын иегері
  • Калыбекова Макбира Бухарбаевна
  • Өзбекстан Республикасы, Науаи облысы, 15 жаста
  •  
  • Дос   қадірі
  •  
  • Дос  қадірі биік қой түсінгенге,
  • Жаратылған сыйласу үшін пенде.
  • Өңіріңе нұр шашып жүрген жандар,
  • Көңіліңе қаяу-мұң  түсірген  бе?!
  •  
  • Менің  досым заңғар бір шың секілді,
  • Ұқсатамын жүзіне күлсе Күнді.
  • Құп аламын әр сөзін көңілменен,
  • Қуанамын ақ жолмен жүрсе түрлі.
  •  
  • Жақыныңа танытқан  жолдастықты,
  • Онсыз мәні  ғұмырдың болмас  тіпті.
  • Сенім, пейіл, адалдық  досым болсаң,
  • Алдыменен айтылған қолда үштікті.
  •  
  • Сол достарың кеңейткен өрісіңді,
  • Көтеретін ғұмырды толы сынды.
  • Иман барда досыңды бағалай біл,
  • Қиналғанда соз оған қол ұшыңды.
  •  
  • Лебізінен жүрегің нұрланады,
  • Теңізіндей мейірімнің шын бағалы.
  • Жанашырың табылар жаныңнан тек,
  • Асқақ кезде сен бір күн шыңнан әрі.
  •  
  • Досым сені сыйлаймын, құрметтеймін,
  • Көлденең кеп алдыңнан мүлде өтпеймін.
  • Адалдықты арада мәңгі сақтап,
  • Қалу үшін өзімді міндеттеймін.
  •  
  • Әрбір адам сенімен күш алар. Ұқ!
  • Тілеулесің құшаққа ап құшар анық.
  • Бізге үмітті сыйлаған, қадірі ұлық,
  • Ізгілікті ұқтырған үш-ақ әріп.
  •  
  • Кей достарым  жалтарып  сырт айналды,
  • Суық  тартқан  сүймеймін  сұрқай жанды.
  • Қанатының астына ап, ақ жүректен,
  • Нағыз достар шаттықтан шырқайды әнді.
  •  
  • Дос алдында түссе де еңсең мейлі,
  • Шарапатын шынайы көрсеңде игі.
  • Тар жолында тағдырдың тастап кетпе,
  • Ұлы достық байлықпен өлшенбейді.
  •  
  •  
  • Әкем менің жанашырым
  •  
  • Әкешім асқар тауым биік шың еткен,
  • Біз үшін бәрінде үйіп төгіп берген .
  • Ардақтаймыз, құрметтейміз әрқашан біз,
  • Аяулы анамызбен жанымызда сіз.
  •  
  • Қашанда бізді қолдап қуаттайтын,
  • Қолындағы барын аямайтын.
  • Шуақты ақ ізіңе бақ дарысын,
  • Бір Құдайға тапсырамын қалған ізін.
  •  
  • Менің әкем Бұхарбай бір шың секілді,
  • Ұқсатамын жүзіне күлсе Күнді.
  • Алдыңыздан ешқашан кес өтпеймін,
  • Әрқашанда мен сізді құрметтеймін.
  •  
  • Ұзақ болсын деп тілеймін әке сенің ғұмырың,
  • Мың  жасашы көріп ұл қызыңның қызығын.
  • Әке сенің орның бөлек әрқашанда үйіңде,
  • Сен жоғыңда білінеді қайда кетсең орының.
  •  
  •  
  • Қабір басындағы ой...
  •  
  • Қабірстанда зиярат етіп бір бала,
  • Аралап әр қабірді жүр екен.
  • Көзі жас екен, соң сұрап білсем,
  • Анасының мейірімін іздеген екен.
  •  
  • Анамнан айырылдым бес жасымда мен,
  • “Анаң ұйықтап жатыр” деді олар алдап.
  • Көзім көр болса да, жүрегім көр емес,
  • “Анам тірі” деп жүрдім мен мақтап.
  •  
  • Бәрінің көзінен  көз жас ағатын,
  • Шаршасам да өмірден шыдап келгенмін.
  • Жер теуіп жыладым, шындықты естіп,
  • Анамның өмірден озғанын біліп.
  •  
  • Айтшы неге?
  • Сонша қатігез бұл дүние,
  • Мен де артықпын-ау бұл дүниеде.
  • Бір өмір армандар болмас еді  менде,
  • Анашым қасымда болғанда енді.
  •  
  • «Апатай»,-  деді ол  жабырқай маған,
  • Анамды күтемін әлі де заман.
  • «Анам өлмеген ғой!-  деп жылады үнсіз,
  • Ол  жасасыншы, болсын сау аман»
  •  
  • Байғұс баланы тыңдап сол кез,
  • Кенет уды жұтқандай болдым.
  • Еріксіз көзімнен атылды жас,
  • Ол сондай періште, мен болсам ез...
  •  
  • Өзімді қойдым сәби орнына,
  • Бір садақ шаншылды жүрек қойныма.
  • Сұмдықтың болғанын лезде түсініп,
  • Балаға қарап дедім : «Мойыма »
  •  
  • Еш бақытты жүре алмас, күле алмады,
  • Балаларша бақытты ойнай алмады.
  • Әкесінің тағдырын ойлаған бала,
  • Түндерде ұйқысы дұрыс болмады.
  •  
  • Әке де көп өтпей өмірден озды.
  • Өмір оған және соққысын берді,
  • Жүрегі езілген кішкентай бала.
  • Не қылсын, халі нашарлай берді.
  •  
  • Бала сол кезде он жаста еді,
  • Әкесін бейітіне қойып, сол сәтте.
  • Аллаға жалбарынып солай деді:
  • “Айтшы неге өмірде қатты қиналдым”
  • Анамның өлімі аз еді маған,
  • Әкемді де алдың, жетіммін енді.
  • Енді не қалды керегі саған?
  •  
  • Осылайша күндер өте берді.
  • Әркім жаман сөзбен қорлап баланы.
  • Көшеде бас көтеріп жүре алмайтындай,
  • “Бұл жетім бала” деп сыртынан бөсті.
  •  
  • Қызығып келемін анасы барға,
  • Еш азап бермеймін мейірім зарға.
  • Бұл өмір өткінші білемін ана,
  • Ұлыңды  анашым  тек өзің қолда!
1st place winner in the «Қалам мен қиял» competition (Kalybekova Makbira Bukharbaevna)