Ұлттық академиялық кітапханада «Отандастар» оқу залы ашылады

17 Ақпан, 2020

2020 жылдың 27 ақпанында сағат 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы   ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының мәжіліс  залында «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бастамасымен әрі қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлескен жоба - «Отандастар» оқу залының ашылуы және жақында  жарық көрген «Қазақ әлемі» - «Мир казахов»  кітаптарының тұсаукесері өтеді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Отандастар» цифрлы кітапханасы құрылды. Онда қазақ диаспорасы туралы шетел әдебиеті мен отандастарымыздың шығармалары ұсынылады. Қазіргі таңда кітапхана қоры 2000 кітаптан асты. Қазіргі таңда Ұлттық академиялық кітапхана негізінде «Отандастар» оку залын ашу, шетелдегі қазақтардын тарих, әдебиет, этнография кітаптары қорын қалыптастыру жоспарын әзірленіп, отандық баспа басылымдары, сонымен қатар қазақ диаспорасы туралы шетел әдебиеті мен отандастарымыздың шығармаларын жинақтау қолға алынып жатыр. Барлық әдебиеттер «Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасының» техникалық платформасында цифрланады. Бұл біздің отандастарымызға әлемнің кез келген жерінде оның қызықты кітабын оқуға мүмкіндік береді.

Бұл бағытта шетелде тұратын отандастар қатарынан қаламгер қандастардың тың туындыларын шығару бойынша әріптестік ынтымақтастық әрекеттері белсенді жүргізілуде.

Жаңа жобалардың тұсаукесеріне министрліктердің жауапты қызметкерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, «Отандастар қоры» КЕАҚ мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығы, түркітанушы ғалымдар, Қазақстан Жазушылар одағының, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады. 

Игі шара аясында «Нұр-Сұлтан қаласы суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен қандас қылқалам шеберлерінің көркем сурет көрмесі де өткізіледі.

Көш басынан көрінген қандас қазақтар туралы «Қазақ әлемі» - «Мир казахов» кітаптары жөнінде ақпарат:

Өмірбаяндық циклдің қазақ-орыс тілдерінде жазылған екі томдық алғашқы екі жинағында шет елдерде тұратын, өз саласында көш басынан көрініп жүрген танымал 50 қазақтың әңгіме-сұхбаты қамтылған. Олардың арасында ғалымдар, бизнесмендер, спортшылар, әрітстер, компания жетекшілері бар.

Өтетін уақыты: 2020 жыл, 27 ақпан, сағат 15.00-де.

Өтетін жері: ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының мәжіліс залы (Достық көшесі, 11, Нұр-Сұлтан қаласы).

Ұлттық академиялық кітапханада «Отандастар» оқу залы ашылады